Балқаштық Пак Катрина баскетболдан Қарағанды құрама командасының құрамында ойнап, топпен ІІІ орынға ие болды. №1 мектеп оқушысы Катринаның баскетбол ойынымен кәсіби айналысып жүргеніне 4 жыл болған. Ал, 14 жастағы қыз 2 жыл бойы құрама командамен бірге облыс намысын қорғап келеді. Құрама 2002-2003 жылғы қыз балалардан жасақталған. Осы жолы қарағандылық баскетболшылар Шымкент қаласында өткен Қазастан чемпионатында ІІІ орынға қол жеткізді. 8 команданың арасында сынға түскен қарағандылық баскетболшылар ақтық сында Ақтөбеліктерге есе жіберіп алды. Деседе, тараздықтарды артта қалдырып, қола жүлдеге тұрақтады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login