Балқашта ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сатылуда

Балқашта ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сатылуда. Осы жылдың ең басты маңызды шарасына барғысы келетіндер Қазпошта бөлімшелеріне жүгінсе болады. Әзірге қала бойынша бірнеше адам ғана ЭКСПО-ға баруға ниет танытып, билет алған. Алайда, әлі де уақыт бар. Халықаралық көрме 10- маусымнан бастап 10- қыркүйекке дейін созылады. Ал, билеттердің бағасы әртүрлі. Егер, жұмыс күні баратын болсаңыз, арзанырақ. Қалтаңыздан 6 мың теңге шығарасыз. Ал, демалыс күндері 8 мың теңге. Сондай-ақ электронды билеттерге ЭКСПО-ның сайты арқылы тапсырыс беруге болады. Соғыс ардагерлері мен мүгедектерге, жетімдер мен 6 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Ал, зейнеткерлер мен көп балалы аналарға, оқушылар мен студенттерге билет жеңілдікпен сатылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture