Балқаштағы сенбілікке 220 мекеменің 60-сы ғана қатысты

Балқашта жалпықалалық сенбіліктің екі айлығы басталды. Алайда, жалпықалалық дегені тек аты ғана болмаса, бұл күні белсенділік танытқандардың қарасы көп бола қоймады. 220 мекеменің тек 60-ы ғана шаһар ішін қыстық қалдықтардан тазартты.
Мамандардың айтуынша қаладағы ең кір аймақ Әлімжанов көшесі. Сондықтан сенбіліктің алғашқы күнінде мұнда тазалық қарқынды жүргізілді.Ұзын учаскені 60 студент тазалап, сыпырып, қар астында қалған қоқыстарды жандырды.

Айгерім Терлікбай — Балқаш сервис колледжінің студенті
«Осы Әлімжанов ең көп лас болатын көше. Жеке меншік орындары ат салыспайды. Студенттер сабақтан тыс уақытта сенбі және бейсенбі күндері шығып отырамыз».

Ал қолдарына сыпыртқы, күректерін алған мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер Желтоқсан көшесінің бойындағы саябақ пен құрылысшылар демалыс ошағын күл –қоқыстан арылтты. Және денсаулық сақтау саласының мамандары емхана маңын тазалап, жастар көл жағалауындағы бөтелке, тамақ қалдықтарын жинады.Барлығы 60 қана мекеме ат салысты.

Нұрболат Бөлеген- ТКШ бөлімінің басшы орынбасары
« Бүгінгі ең алғашқы сенбілік болғаннан шығар көптеген кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер ат салыспай жатыр.Негізігі 220-дан аса мекеме қатысу керек болған.Қазіргі таңда біз көріп шықтық, тек 60 шыққан.Тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді шықпаған кәсіпорындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізетін боламыз».

Деседе, сенбіліктің алғашқы күнінде 16 учаскеден 9 көлік күл-қоқыс қала сыртына шығарылды. Айта кетейік, көктемдік айлық мамыр айының соңына дейін жалғасады. Әр бейсенбі және сенбі күндері жүргізіледі.

Балқаштықтар сенбілікке шықты Фоторепортаж

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture