Балқаш футбол командасы Республикалық жарыстан жүлдемен оралды

Балқашта футбол жылдан-жылға дамып келеді. Оған дәлел республикалық жарыста «Металлург» құрама командасының үшінші орын алғандығы. Талдықорған қаласында өткен жарысқа 13-14 жас аралығындағы 16 жерлесіміз барып, 5 ойын өткізді. Спортшылар айналмалы жүйеде бақтарын сынады. Нәтижесінде, балқаштықтар 5 кездесудің 3-уін жеңіп, екеуінен есе жіберіп алды. Алматылықтардан 2:0 есебімен, Жетісулықтардан 3:1 шотпен жеңіліп қалды. Бірақ, Алматы, Қапшағай, Талдықорған өңірлерінен жиналған 6 командананың ішінде шаһар құрамасы үшінші орын алды. Оған қоса, Андрей Сиглов үздік қорғаушы атанды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture