Балқаш ауасы несімен қауіпті? #экобалқаш

Арнамызда жаңа экологиялық жоба — #экобалқаш. Бұл шығарылымда Балқаш ауасында қандай ластағыш заттар бар және олар несімен қауіпті екенін біле аласыздар.
Арнайы стационарлық посттардан алынған ақпараттарға сәйкес, Балқаш ауасында келесі ластағыштар жиі кездеседі:
Күкіртті сутек:
Улағыш зат!
сасыған жұмыртқаның иісі шығады
Адамның басын айналдырады, ауыртады
Жоғары концентрациялы ластау кезінде психикалық ауытқуларға, депрессияға, өкпе ауруларына әкеліп соқтырады.

Күкірт диоксиді
Улағыш зат!
Өткір иісті
Жөтел, тамақ қышуына себепкер
Жоғары концентрациялы ластау кезінде тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін

Азот оксиді
Аса қатты улағыш
Гемоглобин деңгейін төмендетеді
Жоғары концентрацияларда бронхит, өкпе ауруларына, бедеулікке, психикалық ауруларға ұшыратады
Ауасы азот оксидімен уланған аймақтарда жүрек ауруларынан, рак ауруларынан қайтыс болу фактілері жоғары деңгейде

Көміртегі оксиді
Улағыш зат
Түссіз, иіссіз газ
Жоғары концентрацияларда бас ауруын, әлсіздікті туындатады. Жүкті аналардың түсік тастауына әкеліп соғуы мүмкін.

Қорғасын
Аса қауіпті улағыш
Қанға түседі
Қорғасынның ағзаға ұзақ уақыт әсер етуінен тісжегі негіщдемесі қарайып кетеді. Балалардың миын зақымдайды, сал ауруына әкеліп соғуы мүмкін

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture