Балқаштық спортшылар аралас жекпе-жектен жеңіске жетті

Балқаштық спортшылар Номад ММА стилінен, яғни аралас жекпе-жектен республикалық чемпионатқа жолдама алды. Қарағанды қаласында өткен іріктеу турнирінде 7 палуан жүлделі орындарға ие болды. Шығыс жекпе-жегі бойынша ұйымдастырылған додаға 10 мен 20 жас аралығындағы 200-ден аса спортшы қатысты. Оның ішінде Балқаш атынан шыққан 10 баланың 7-уі финалға дейін жетті. 17 жастағы Берік Төлеутаев абсолюттік салмақта чемпион атанды. Ал үш кездесу өткізген Бекназар Камил алтыннан алқа тағып, өзге 2 палуан екінші орынға, үш бала қолаға қол жеткізді.

Владислав Дю – Nomad MMA әлемдік федерациясы кеңес басқармасының президиум төрағасы

«Ересектерге арналған республикалық чемпионат сәуір айында Семейде болады. Ал балалар арасындағы жарыс мамырдың 6-7 күндері Балқашта ұйымдастырылады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture