Балқашта жергілікті полиция қызметінің басшысы тағайындалды. Жаңа орынға Нұрлан Кәрім келді. Ол органдағы қызметін 2004 жылдан бастаған. Алдымен участкелік инспектордың көмекшісі болады. Кейін есірткі бизнесіне қарсы бөлімде қызмет етеді. Жол полиция инспекторы ретінде жолдағы тәртіпті қадағалап, есепке алынған кәмелетке толмағандармен де жұмыс істеген. Ал, 2013 жылы әкімшілік полицияда қызмет ете бастайды. Кейін бұл бөлім жергілікті полиция қызметі деген жаңа атауға ие болады. Ол онда алдымен басшының орынбасары, кейін басшының міндетін атқарушы болып қызмет жасады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login