Балқаш қаласының 10 мөлтек ауданында орналасқан 60 пәтерлі үйдің құрылысы қайта жанданып, биыл аяқталатын болды.Ол үшін облыстық бюджеттен 183 млн. теңге қаржы бөлінді. Естеріңізде болса, 5 қабатты баспананың құрылысы 2014 жылы басталған еді. Ол үшін алғашында 89 млн теңге, содан соң 2015 жылы 125 млн және кейін 40 млн теңге бөлінді. Алайда, еліміздегі соңғы қаржылық дағдарыстарға байланысты оның ақшасы басқа бағытқа жұмсалып, құрылыс тоқтап қалғантұғын. Дей тұрғанмен, 60 пәтерлі нысанға биыл облыстық қазына 183 млн. теңге бөлді.Қазір ғимараттың құрылысы 80 пайызға аяқталды. Енді шілде айына дейін 20 құрылысшы электр сымдары мен жылу жүйесін тартып ,еден салып, үйдің іші мен сыртын қаптайтын болады. Ал жазда кезекте тұрған балқаштықтарға пәтер кілттері табыс етілмек.
Саятбек Мусин-қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі
» Июль айында 60 отбасы пәтерлі болады. Былтырғы жылғы бөлінген ақшалар басқа Қарағандыдағы төтенше жағдайлар басқада жұмыстарға пайдаланған болатын.Қазіргі кезде бөлініп жатыр»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login