Балқаш жаңалықтары 28 наурыз 2017

Онлайн жүйедегі шағым. Енді балқаштықтар нашар жолдар туралы арыздарын қалалық әкімшіліктің сайтына кіріп, қалдыра алады.

Балқаштағы ең үлкен жүзу бассейннің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі күні 1946 жылы тұрғызылған нысанның ескі кірпіш, құбырлары жаңасына толық ауыстырылып жатыр.

Көптен күткен жаңару. Қалалық психоневрологиялық диспансерде жөндеу жұмыстары басталды.

Елді әбігерге салған заң жобасы! Уақытша тіркеуге тұруға берілген мерзім 31 наурызда аяқталады. Бұған дейін бұл уақыт қаңтардан наурыздың соңына дейін шегерілген болатын.

Балқаштық жұмыссыздар міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлеуден босатылады. Алайда, ол үшін жұмыссыз деген статус алу қажет.

Балқашта жергілікті полиция қызметінің басшысы тағайындалды. Жаңа орынға Нұрлан Кәрім келді. Ол органдағы қызметін 2004 жылдан бастаған.

Жауапсыз жүргізушілер азаяр емес. Үш күнде ішімдік ішкен екі жүргізуші ұсталса, жыл басынан бері 47 көлік иесі полицейлердің қармағына ілікті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture