Уақытша тіркеуге тұруға берілген мерзім 31 наурызда аяқталады. Бұған дейін бұл уақыт қаңтардан наурыздың соңына дейін шегерілген болатын. Деседе, полицейлер әзірге үй-үйді аралап тіркеусіз жүргендерді айыппұлмен жазаламайды. Бірақ, қандай да бір құжат рәсімдеу кезінде немесе басқа жағдайда тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуде жоқ екеніңіз анықталса, онда 16 мыңнан астам айыппұл төлеуге мәжбүр боласыз. Еске сала кетейік, заңға енген жаңа өзгеріске байланысты 2017 жылдан бастап басқа қалада немесе ауданда 1 айдан артық тұрғандар уақытша тіркелуге міндеттелген болатын. Ел бұл ереженің қонақтарға, студенттерге, тіпті пәтер жалдаушыларға қатысты екенін білгенде ХҚКО ағылды. Кезекке тұрушылардың қарасы көп болғаны соншалық аталмыш орталықтар жұмыс уақытын ұзартуға мәжбүр болды. Ал, Балқашта осы 3 ай ішінде 1463 адам уақытша тіркеуге тұрған. Мамандардың айтуынша көбісі студенттер.
Данияр Көктаев-Көші-қон полициясының аға инспекторы
«Көбінесе студенттер общежитиеге және туған-туысқандарының үйіне тіркеліп жатыр. Адам қай жерде тұрады сол жерде тіркеуде тұру керек. Уақытша тіркелген кезде, адам тұрақты тіркелген жерін жоғалтпайды өзінің».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login