Шашубай кентінде орналасқан мектептегі интернет желісіне қойылған сүзгі оң нәтиже беруде. Пилоттық жүйеде іске қосылған аппараттың арқасында оқушылардың 33 мыңнан астам сұранысына шектеу қойылды.
Шашубай кентіндегі мектепте оқушылардың ғаламтордан не көріп, не іздейтінін мұғалімдерге бақылау оңай болды. Мұндағы барлық компьютерлерге арнайы сүзгі орнатылды. Ол дегеніңіз,қауіпті ақпараттан Дмитрий Попов секілді білім алушыларды қорғау.
Дмитрий Попов –Шашубай кентіндегі Тірек мектебінің оқушысы
«Біз мектепте әлеуметтік желілер мен ю туб-қа кіре алмаймыз. Бағдарлама бірден шығарып жібереді. Тек оқуға қатысты ақпараттарды көрсетеді. Әрине бұл жақсы. Себебі, мектепте тек оқып, білім алуымыз қажет».
Қазақстан-Ресей компаниясының бірігуімен жасалған бағдарлама қауіпті сайттарды біріктіріп қара тізімді бір арнаға жинақтады. Яғни, ғаламтор желісінде терілген құмар ойындар, есірткі, экстремизм-терроризм, суйцид, зорлық-зомбылыққа қатысты сөздер мен суреттер сүзгіден өтіп, бірден бұғатқа қойылады.
Сәуле Әлімқұлова- Шашубай кентіндегі Тірек мектебінің техник-бағдарламашысы
«Олар 500 млн сайттарды қара тізімге енгізген.Ал ақ тізімде біздің мектепке қажетті ол мұғалімдер өздері жинақтап береді.1052 Әлеуметтік желілерге кіруге болады. Тек қана сабаққа байланысты болса..»
Қазіргі уақытта тек пилоттық жүйеде орнатылған сүзгі Шашубай кентіндегі мектепте ғана бар. Ол оң нәтиже беруде. Мәселен, бір айдың ішінде оқушылардың 33 мың астам қауіпті сұраныстары қара тізімге енгізілді.Сондықтан, осындай жүйе келер жылы Ақтоғай ауданының өзге ауылдары мен Балқаш қаласының оқу ордаларында орнатылмақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login