Балқаштық футболшылар облыс біріншілігінде екінші орынға ие болды

Демалыс күндері футболдан өткен облыс біріншілігі аяқталды. Оған қатысқан 7 команда 3 күн бойы өзара мықтыларды анықтады.
Балқаштық Металлург алаңға шығуға дайындалу үстінде. Бұл команда жергілікті құрамалар арасында ақтық сынға жалғыз өзі шығып отыр. Қарағандыдан келген қарсыластарын жеңу үшін барларын салмақ. Алайда, ол бұлардың екінші кездесуі. Бірінші ойын қарғандылықтардың жеңісімен аяқталған.

Данияр Мұқашев – команда капитаны
«Алдыңғы жылы олардан жеңіліп қалдық. Қазір енді тәртібін біліп алдық. Жеңу үшін көп жаттығулар жасадық. Енді біз жеңуге тырысамыз».

Алайда, бұл ойында да балқаштықтардың жолы болмады. Алғашқы минуттарда-ақ қақпаларына гол соғылып, кездесу аяқталғанша тағы 2 доп жіберіп алды. Нәтижесінде 3:0 есебімен алаң иелері жеңіліс тапты.

Ал, үшінші орынға Абай мен Қарағанды командалары таласты. Бір біріне есе жібергісі келмеген құрамалар ойыны 1:1 болып тең есеппен аяқталды. Жүлдегерді анықтау үшін пенальти тебіліп, оның нәтижесі бойынша қола жүлдені қарағандылықтар иеленді.

Бәйшешек деп аталатын облыс біріншілігі қаламызда осымен екінші рет өтіп отыр. Кеңес кезінде бұл турнир беделді жарыстардың бірі болған. Жыл санап жарысқа қатысуға ниет білдіруші командалардың саны артуда. Биыл 12-13 жастағы балалардан құралған 7 құрама қатысты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture