Полицейлерден жасырынып жүрген сотталушы Балқашта болуы мүмкін. 51 жастағы Александр Корнелюк Ақтоғай ауданындағы қыстақтардың бірінде жұмыс істеген. Алайда, иесінің қаруын ұрлағаны үшін 1.5 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Заң бойынша, Александр полиция участогіне 1 айда 2 рет келіп белгіленіп тұруы керек еді. Бірақ, ол 2016 жылдың қыркүйек айынан бері үшті-күйлі жоқ. Қазір полицейлер оған іздеу салып отыр. Егер, бұл адам туралы қандай да бір мәлімет білсеңіз, 8(71038) 2-13-56, 87016095774 немесе 102 нөмеріне хабарласыңыздар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login