Балқаштағы бассейннің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Балқаштағы ең үлкен жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі күні 1946 жылы тұрғызылған нысанның ескі кірпіш, құбырлары жаңасына толық ауыстырылып жатыр. Оған қоса, ғимарат 18 метрге ұзартылуда.  

Ғимараттың жанына ұзындығы 18 метр, ені 30 метр болатын екі қабатты нысан тұрғызылуда. Оның асты монша болса, үсті заманауи жаттығу залы болмақ.

Ал бассейннің жүрегі, яғни жүзу бөлмесінің қабырғалары толық жаңартылып жатыр. Өйткені, соңғы 10 жылда тоқтап қалған нысанның құбырлары әбден шіріп, қабырғалары қақыраған. Сондықтан мамандар апатты жағдайда тұрған хауызды толық қиратып, жаңасын тұрғызуға білек сыбана кіріскенді.

Серік Қасымбеков- бассейннің қожайыны
«Біріншіден экспертиза жасаған кезде бір колонамен, екі-үш регал ғана аваринный болған.Содан кейін бәрін алған кезде астын бәрін көрдік. Су кеткен.Қайдан келгені белгісіз. Судың кесірінен фундаменттер отырған.Бәрін қайтадан сауға тура келіп жатыр».

Іргетасы 71 жыл бұрын қаланған ғимараттың жөндеу жұмыстарымен жергілікті компания айналысуда. 15 маман қаңтар айынан бастап нысанның сыртқы қабатына демонтаж жүргізіп, наурыз айында кірпіш қалауды бастады.

 Мейрам Жазыбеков- прораб
«Жүзу бассейннің демонтаждау жұмыстарын қаңтар айында бастадық.Кровля, ферманың бәрін түсірдік.Демонтаж жасап жатырмыз .Аваринный өйткені.Ал мына жерде марттың 15 бастадық монтажды.Біздің строй материал кірпіш қарағандыдан, ал фундамент блокты біз өзіміз шығарамыз».

Жалпы аумағы 2200 шаршы метрді құрайтын бассейннің сыртқы құрылыс жұмыстары мамыр айында аяқталып, қыркүйек айына дейін ішкі қабатын жөндеу- жабдықтау басталады. Және күздің бірінші күнінде балқаштықтарға есігін айқара ашпақ.

бассейн в Балхаше

один комментарий

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture