Шаңырағымыздың қорғаны, тірегі, асқар таудай әке, аяулы жар Алпысбай бүгінгі 60 жасқа толған туған күніңізбен құттықтаймыз!
Денсаулығыңыз мықты болып, арайлап атқан әр таңыңыз тек қуаныш әкелсін, немерелеріңіздің қуанышына тоймай, ортамызда ойнап-күліп жүре беріңіз! Алла жасыңызды ұзақ қылсын!
Ел сыйлаған азаматсың ардақты,
Сөз саптаған ел ұйыған салмақты.
Ат үстінде өткізумен өмірді
60 жас та бүгін сені таңдапты.
60 деген алып тауға жеттіңіз,
Сайрап жатыр артыңызда соқпақ жол.
Небір асу белден батыл өттіңіз
Шықса да алдан шырмауы коп томпақ тор.
Барлык әке сіздей болсын бола алса,
Биік шыңға барып қонсын қона алса.
Бар биікті бағындырған,әкежан,
Өмір-базар, қала көрме оңаша.
Өзіңе қарап өсіп біз де келеміз,
Алып сенсің біздер ерген кемеміз.
Үлгі болар әр айтқан сөз ой толып
Сенен ғана бар биікті көреміз!
Мызғымайтын денсаулықты тілеймін!
О,Жаратқан,әкемізге бақ жиғыз.
Анамызбен қол ұстасып әрқашан.
Әке деген асқар тауым, тірегім,
Арқа сүйеп алға еркін жүремін.
Денсаулығың мықты болып жүзге жетсең,
Ең бақытты жан болып мен жүремін!
Т/б: жарың – Күлпаш, балаларың: Бибігүл-Әділбек, Қанат-Гүлнұр, Санат, немерелерің: Анеля, Елназ, Әлібек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login