Балқашта тозығы жеткен жолдарды жөндеу басталды

Балқашта жолдарды жөндеу басталды. Биыл құрылыстық жұмыстарға қыруар қаржы бөлініп отыр. 800млн астам. Бұл сомаға қала бойынша 10 шақырым жерге жаңа асфальт төселмек.
Жүргізушілер көптен күткен жөндеу жұмыстары Қадыржанов пен Рысқұлов көшесінен басталды. Мамандар, арнайы көліктің көмегімен жолдың беткі қабатын алуға кіріскен. Бір сағатта 1 шақырым жерді жүріп өтетін бұл техника қалыңдығы 30 см дейін жететін асфальтты қыруға қауқарлы. Бірақ, бұл көшені орташа жөндеу күтіп тұр. Сондықтанда жол қабатының тек 9 см ғана алынуда.

Юрий Гермашев-Жол фрезасының операторы
«Асфалтты қыру жұмыстары өте қиын жүруде. Ұсақ мәрмәр тастар көп кездескенде жұмысымыз ауырлай түседі. Қадыржанов көшесін бастағанымызға 2-3 күн болды. Аяқтағаннан кейін басқа көшелерге көшеміз».

Ал, үгітілген жолдың беткі қабаты шұңқырға толы басқа көшелерді жамауға қолданылады. Ондай участкелердің тізімінде бірінші кезекте Жұмысшы кенті мен 90 орам тұр. Қазір камаздарға тиелген асфальт үгіндісі осы аймақтарға төгілуде. Кейін арнайы көлік келіп тегістейтін болады.

Гүлшат Байтөкешова-тілші
«Биыл тек Ленин көшесіндегі жол қайта салынады. Мамандар, асфалттың барлық қабатын қырып, оның орнына жаңасын төсемек. 3 шақырымға созылатын көшені жаңалауға 360 млн теңге қажет. Оның 200млн облыс бөліп отыр. Ал, қалғаны жергілікті қазынадан қарастырылған».

Ал, Бөкейханов, Мира, Ағайынды Мусиндер, Ағыбай батыр, Желтоқсан сынды 10 шақты көше орташа жөндеуден өтеді. Оған 800 млн астам қаржы бөлініп отыр. Соның 176 млн жергілікті қазынадан қарастырылса, қалғанын облыс қосқан. Бұл сомаға тек қана жол ғана жөнделіп қоймайды, сонымен бірге тротуарлар салынып қоршаулар орнатылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture