Балқаштық зілтеміршілер күштерін сынады

Балқаштық зілтеміршілер пауэрлифтингтен сынға түсті. Мысшылар стадионында өткен жарыс қаламыздың 80 жылдық мерейтойы мен Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылып отыр. Спортшылар 48-ге дейін және 105-тен жоғары салмақ дәрежесі арасында күш сынасты. Жарысқа 34 зілтемірші қатысты. Нәтижесінде қыздар арасында 48 келі салмаққа дейін І орын Ким Викторияға тисе, 52 салмаққа дейін Мария Тарасенкова жеңді. Трай Оля болса 65-ке дейінгі салмақ дәрежесі арасында алтыннан алқа тақты. Ал ерлер арасында Корягин Павел, Баубеков Аманжол, Апалыкин Герман, Попов Игорь, Медведев Олег, Саятов Санжар атты спортшылар өз салмақтарында І орынға иеленді. Ал ең ауыр зілтемірді Долганов Антон бағындырды. Оның ең соңғы көтерген зілтемірі 280 келі басады.

[supsystic-slider id=15 position=»center»]

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture