Хабарландыру Баян Мырзаханқызы

Руы Тобықты – Нұралы – Құланшы, Мырзаханқызы Баянның өмірден өткеніне 25 наурыз күні 40 күн болады.
Қырық күндік асы 25-ші наурыз күні сағат 12.00-ден бастап «ІЛИЯС» мейрамханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарға, таныстарға, жұмыс орнына хабарлаймыз.

Қаламын деп артыңда ойламадым,
Балам-ау, бізді неге ойламадың?
Алланың сүйген құлы бол, жарығым,
Жәннатта болсын жаның – сол тілегім.

Мендей болып ешкімнің,
Жыламасын анасы.
Аман болып әрдайым,
Жүре берсін баласы.

Өзегіме өшпестей,
Өрт сап кеткен, құлыным!
Жүрегіме жазылмас,
Дерт сап кеткен, құлыным!

Көз алдымнан кетпейді,
Желкілдеген тұлымың.
«Мама» деген даусыңды,
Сағындым ғой, құлыным!

Қара жердің астында,
Тоңасың-ау, құлыным!
Бәйшешектей қуарып,
Соласың-ау, құлыным!

Ас берушілер: әкесі Мырзахан, анасы Сәнім, жолдасы Рафит, балалары – Зәйтуна, Зейнұр, ағалары – Аманжол, Есенжол, бауырлары – Қорлан, Ақылбай, Нартай, Гүлмира, Жанәділ, Әсет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture