Қарағанды облысында өткен жылы білім саласының 6 қызметкері сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша сотталған. Ал, 2015 жылы бұл көрсеткіш 10 ға жетіпті. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары мектеп директорларын жинап, мұндай қылмыстың арты неге әкеп соғатынын түсіндірді. Себебі көбінесе білім ордаларының жетекшілері өз лауазымын асыра пайдаланады. Мысалы, былтыр қызметке алу үшін және керсінше жұмыстан шығармас үшін ұстаздардан ақша талап еткен 3 адам жазаға тартылған. Өз туысын көмекшісі етіп алған жағдайларда кездескен. Заң бойынша туыстар қызмет бабы бойынша бір-біріне бағынышты болмауы керек. Сондай-ақ мұғалімдерге ата-аналар мен оқушылардан сыйлық алуға тыйым салынады. Ол үшін ұстаздарға 1 млн теңге, ал сый жасаушы адамға 500 мың теңге айыппұл қарастырылған. 2016 жылы бір ұстаз бір қорап кәмпит алғаны үшін заң алдында жауап берген. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары мектепте мүлдем ақша жинауға болмайтынын да еске салды.
Айсұлу Әлімжанова– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның аса маңызды істер департаментінің офицері «Мен негізі екі жақ кінәлі деп ойлаймын. Өйткені ата-аналар мұғалімдерге сый жасап, балаларды да соған үйретеді. Осылай өсіп келе жатқан жас ұрпаққа кері тәрбие береміз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login