Азаматтық некедегі әйелін өлгенше ұрып-соғып, кейін атып өлтірген қандықолға қатысты сот үкімі шықты. 32 жастағы Балқаш тұрғыны 11 жылға сотталды.
170 келі марихуана. Қарағандылық полицейлер осындай аса ірі көлемдегі есірткіні қала тұрғындарына сатқан екі сыбайласты құрықтады.
Ультразаманауи аппарат! Бүгін орталық емханада жаңа компьютерлік томография кабинеті ашылды. Енді қала тұрғындары алысқа бармай-ақ бас сүйек, кеуде және құрсақ қуыстарын осы жерден тексерістен өткізе алады.
Бүгін балқаштық түлектер сынамалы тест сұрақтарына жауап берді. Өз білімін сынап көруге Ақтоғай ауданы мен Приозерск қаласының 11 ші сынып оқушылары да келді.
21 наурыз күні Қазақстанда ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толады. Мерейлі датаға орай бүгін мәдениет сарайында мерекелік жиын өтті.
Балқашта бұрын-соңды болмаған көрініс. Бір мезетте 80 музыкант күй тартып, қала мерейтойына сый жасады. Бұл өнер-мектебінің тартуы.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login