Балқаш жаңалықтары 16 наурыз 2017

Балқаш әуежайы қайта жанданды. Наурыз айының 26-нан бастап Астана, Алматы бағыттарына әуе көлігімен қатынауға болады.Ұшақтар рейсі осыдан 3 ай бұрын тоқтатылған болатын.

Ауа – райы жылынып келе жатқанымен, көл бетінде балық аулаушылардың саны азаяр емес. Әзірше Мұз қалыңдығы бұрынғыдай.

Прокуратура қызметкерлері 24 қанатты хан ордасында балалар үйінің бүлдіршіндеріне арнап түскі ас берді. Бақылаушы орган Наурыз мейрамын осылайша қайырымдылық жасаумен бастады.

Балқашта мереке күндері ауа-райы суық болады. Синоптиктер осындай болжам айтып отыр.

Кішкентай бүлдіршіндердің үлкен жеңісі. Өнер мектебінің тәлімгерлері «алғашқы қадам» деп аталатын республикалық фестиваль-конкурстан бас жүлдемен оралды.

Балқаштық 2 боксшы Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Аймақтық сайыста бақтарын сынаған Ерасыл Ермек пен Әділжан Ибрагимов бірінші және екінші орынға қол жеткізді.

Балқаштық боксшылардан өзге, еркін күрестен бақтарын сынаған балуандары да жеңіс тұғырынан көрінді. Олар 16-17 жастағы спортшылар арасында өткен Қарағанды облысы біріншілігінен құр қол қайтпады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture