Аяулы жар, ардақты әке, сүйікті ата Рыспеков Серікбай Абиурұлы! Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз! Қызметіңізде шығармашылық табыс, жанұяңызға бақыт тілейміз! Денсаулығыңыз мықты болып, арайлап атқан әр таңыңыз тек қуаныш әкелсін, балаларыңыздың қызығына, немерелеріңнің қызықтарына тоймай, ортамызда ойнап-күліп жүре беріңіз. Мына өлең жолдарын өзіңізге арнаймыз:
Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,
Аман жүрші әрқашан ортамызда.
Ағайын-туыстарға сыйлы болып,
Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!
Сәбилерің көре берсін қызығын,
Тәңір өзі тауыспасын ырзығын.
Жан-жарыңмен ғұмыр кешіп баянды,
Мұқалмасын, мұңаймасын нұр жүзің!
Таудай биік тұлғаң әлі нар болсын,
Ұл-қызыңмен өмір толы сән болсын!
Елің үшін еткен еңбек еленіп,
Әрқашан да АЛЛАМ саған жар болсын!
Т/б: жұбайы – Айнагүл, балалары: Құндыз-Нұрсерік, Азамат, Анар, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login