Құттықтау. Оралбек Нұргелді

Сүйікті де сүйкімді Оралбек немересі Нұргелдіні 1 жасқа толуымен құттықтаймыз! Алла Тағала зор денсаулық, тіл-көзден сақтап, ұзақ өмір берсін! Тәтті, қызықты қылықтарыңмен жанымызды қуанышқа бөлей бер!
Айналайын, балапаным, құлыным, тәй-тәй басқан қадамың құтты болсын! Пейілің дархан, мінезің кең даладай болсын.

Туған күнің құтты болсын құлыным!
Жігіт болдың желбіреген тұлымың.
Әжең бүгін құттықтайды өзіңді,
Денің сау боп, ұзақ болсын ғұмырың!

Қылығымен күлдіретін апасын,
Туған күнің құтты болсын, балашым.
Елің сыйлар азамат боп келешекте,
Қуантарлық мамасы мен папасын.

Тілейміз бүгін ашық аспан,
Күндей күлген күлкіні.
Тек бақытпен жалғассын деп,
Балалық шақтың әр күні!

Т/б: әжесі – Шәмшіпану, ата-анасы: Нұрбек-Гүлім, атасы: Нұрлан, әпкелері: Нұргүл, Әсем, ағалары: Нұртілек, Елжас, Аңсаған, Нұрсая.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture