Прокурорлар хан ордасында балалар үйінің бүлдіршіндеріне түскі ас берді

Прокуратура қызметкерлері 24 қанатты хан ордасында балалар үйінің бүлдіршіндеріне арнап түскі ас берді. Бақылаушы орган Наурыз мейрамын осылайша қайырымдылық жасаумен бастады.
Қазақ үйіне кішкентай қонақтар, ұлттық киім киіп, сайланып келген. Ал, қала прокуроры Қанат Сәлімбаев болса, бүгін ханның рөлінде. Әйелдер қауымы да формаларын тастап, бастарына сәукеле, үстеріне көйлек пен оюлы құндыз шапан киіпті. Ата-ана мейірімінен айырылған балалар бірінші кезекте киіз үйдің ішіндегі жабдықтармен танысты. Мұндағы заттардың барлығы қалалық мұражайдан және мектептер мен колледждерден әкелінген. Танымдық экскурсиядан кейін бүлдіршіндер ақ дастархан басына жайғасып, тәтті-дәмдіден ауыз тиді.

Қанат Сәлімбаев – Балқаш қаласының прокуроры
«Наурыз қазақтардың ерекше мерекесі. Бұрынғы заманда қазақтар наурызды қатты күткен. Өйткені наурызбен бірге көктем келеді. Ата-бабамыз қыстан аман шыққанынақуанып, үлкен мереке өткізеді. Сол себептен бүгін жас балаларға олар біздің болашақ екенін білдіріп осындай шара ұйымдастырып жатырмыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture