Балқаш әуежайы жанданды. Наурыз айының 26-нан бастап Астана, Алматы бағыттарына әуе көлігімен қатынауға болады. Осыдан 3 ай бұрын тоқтап қалған ұшақтар қайта жұмыстарына кірісті. Ал рейс кестесіне келетін болсақ: Балқаш-Астана, Балқаш –Алматы бағытындағы әуе көлігі бір аптада 4 рет ұшады. Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері. Яғни, араға бір күн салып қатынайды. Бекітілген уақыт бойынша ұшақ Балқаштан елордаға сағат 11.15 ұшса, сағат 15.45 оңтүстіктік астанаға бағыт алады. Билет құны бұрынғыша екі қалағада 14 000 мың теңге.
Рейстердің кестесі
( 26.03.2017- 01.05.2017 ж.)
| Ұшатын күндер | Ұшу бағыты | Ұшу уақыты | Қону бағыты | Қону уақыты | Билет құны (теңге) |
| 1,3,5,7 | Алматы | 09:10 | Балқаш | 10:35 | 14 000 |
| 1,3,5,7 | Балқаш | 11:15 | Астана | 12:50 | 14 000 |
| 1,3,5,7 | Астана | 13:45 | Балқаш | 15:15 | 14 000 |
| 1,3,5,7 | Балқаш | 15:45 | Алматы | 17:05 | 14 000 |
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login