Облыстан балалар дәрігерлері келді

Облыстан балалар дәрігерлер келді. Қалада тапшы 8 маман 1 апта бойы кішкентай науқастарды қабылдайтын болады. Ешқандай жолдамасыз әрі тегін. Толығырақ келесі сюжетте.

Қаламызда жоқ дәрігерлердің бірі-гематолог. Сондықтанда көбісі облысқа барып, қаралуға мәжбүр болып жүр. Деседе, бүгін ақ халаттылардың өздері келді. Ал, Олеся Пименваны екі жастағы ұлымен мұнда эндокринолог дәрігер жіберіпті. Баланы қарап шыққан маман лимфо түйіндерінің ұлғайғанын анықтады.

Олеся Пименова – қала тұрғыны
«Гематолог узиге түсуге жіберді. Енді әрі қарай емделетін боламыз. Дәрігерлердің мұнда келгені біз үшін жақсы мүмкіндік болып отыр.

Шаһарда тапшы тағы бір маман-балалар кардиологы. Гүлсім Шайхисламова күніне 100 шақты кішкентай науқасты қарап үлгереді. Дәрігер бір күннің ішінде бірнеше баланың жүрегінен ақау тауып, қосымша тексеріс тағайындаған.

Гүлсүм Шайхисламова –кардиоревматолог дәрігер
«15:39 Бір абалада шум естілді. Ол баланы кардиохирургияға жібереміз. Тесереміз.Өзімідің 45 ші облыстық балалар ауруханасына жолдама бердік тексеріске.

Балқаштық балаларды тексеруге облыстан 8 дәрігер келді. Олар, невропатолог, хирург, гематолог, гастроэнтеролог, нефролог, эндокринолог, кардиолог және аллерголог. Қабылдау кеңестік диагностикалық орталықта жүргізілуде. Таңғы сағат 9 бастап кешкі 6 ға дейін. 1-2 ге дейін үзіліс.

Альмира Ілдібаева– №1 емхананың бас медбикесі
«2017 жылға балалар ауруханасымен қарағандының келісім шартқа отырылды. Квартал сайын осы мамандар бізге келіп тұрады. Біздің қалада жоқ мамандар шақырылды».

Облыстық дәрігерлер енді маусым айында келмек. Одан кейінгі сапарлары қыркүйек және қараша айына жоспарланған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture