Балқашта арнайы тексерістен өтпеген мал еті сатылған. Оны ветеринария бөлімінің мамандары анықтап, тауарды сатылымнан алып тастады. Ал, заңсыз жолмен пайда көрмек болған дүкен иесіне айыппұл салынды. Былтыр осындай 2 факт тіркелген. Ал, Сібір жарасына қатысты шу шыққан кезде тағы 2 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Оның бірі ауылдан келген ауру сиырдың етін қабылдаған кәсіпкер. Екіншісі сол тауарды сатып алған медициналық мекеменің асхана иесі. Екеуі де құжаттардың дұрыс еместігіне мән бермеген. Сол үшінде әр қайсына 40 мың теңге айыппұл салынды.
Самат Молдабеков-Ветеринария бөлімінің жетекшісі
«Ауру малдарды қабылдаған үшін, сілтеме құжаттамасыз малдарды тасымалдас үшін айыппұлдар салынды. 212 мың 100 теңге.Бағалау мен қадағалау базарда күнделікті жүргізіледі. Одан кейін мал сойтыннысандарда күнделікті жүргізіледі. Жәрмеңкеде апта сайын.
Қазір төрт түлік малды сібір жарасы, құтырма, қарасан, оба секілді жұқпалы ауруларға қарсы егу басталды. Аталмыш жұмыстар Саяқ, Гүлшат кенттерінен жүргізілуде. Ал, Балқашта наурыз айының соңында басталмақ. Мамандар, жануарларды егіп қана қоймай, олардан қан алып түрлі дерттерге тексеруде. Мысалы, былтыр осындай зерттеу кезінде, Гүлшат кентінде ұсақ қара малдан бүрсүлез ауруы анықталып, 18 қойдың көзі жойылған.
Самат Молдабеков-Ветеринария бөлімінің жетекшісі
«Ауыл-шаруашылық малдарын жоспар бойынша 100 процент егу жұмыстарын. Жоспар бойынша 100 пайыз диагностикалық зерттеу.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login