Техснаб кентінде 62 жастағы зейнеткер немерелерімен бірге гаражды паналауда. Ал, балалардың анасы болса, Астанаға жұмыс іздеп кеткен.
Тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұлын төлемей жүрген балқаштықтарды темір торға тоғытуда. Осы айдың өзінде 3 тұрғын 5 тәулікке қамалған.
Балқашта 24 қанатты хан ордасы пайда болды. Диаметрі 11 метр, ал биіктігі 2 қабатты үймен тең 6 метрілік киіз үйді кранның көмегімен тұрғызды.
Табиғатты қорғау инспекторлары заңсыз аңшыларды қолға түсіру үшін рейдке шықты. Еске түсіре кетейік, ақпан айының 16 бастап аң аулуға мораторий жарияланған болатын. Алайда, мұндай тыйымға браконьерлер көнер емес.
Әуесқой балықшылар арасында дәстүрлі қыстық жарыс өтті. Үздік атанудан үміткер 10 командаға бөлінген зауыт қызметкерлері қолдарына қармақ алып ,көл бетінде үш сағат бойы сынға түсті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login