Балқаш қаласының ауасы тазара түспек. Мыс қорыту цехында газ шығаратын бұрынғы түтіктен 70 метрге биік жаңа құбыр орнатылмақ. Яғни, ол зиянды қалдықтардың қалаға қарай ұшпауын қамтамасыз етеді. Соның арқасында күкірттің еселенген тотығы 5 есе дейін қысқартылмақ. Естеріңізде болса, былтыр 1938 жылы орнатылған ауа тазартқыш құбыр жөндеуден өткен болатын. Алайда, 2016 жылы арнайы комиссияның шешімімен оның жұмысы тоқталып, аталмыш құбыр резервке қойылды.
Вячеслав Береснев — «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы
«Жаңа құбырды орнату комиссияның шешімімен бекітілді. Оны орнату үшін 4 түрлі құбыр қарастырылды. Бірақ, нәтижесінде классикалық нұсқадағы құбыр орнатылсын деген қорытынды шықты. Енді бетоннан жасалғанын қоятын болдық»
Биіктігі 200 метрдей болатын құбырды әзірше кім ауыстыратыны белгісіз. Қазір тендер байқаулары жүргізілуде. Бір анығы, жаңасы жылдың соңына дейін орнатылып бітеді. Осы сәтте айта кетейік, биылдан бастап атмосфералық ластану концентрациясы қысқартылды.
Вячеслав Береснев-«Казахмыс Смэлтинг» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы
«Мәселен бұрын санитарлық нормаға сәйкес тұрғылықты аймаққа күкірттің еселенген тотығын 1/25 мг дейін жіберу норма еді. Ал қазір бұл ереже өзгеріп, норма көлемі 0/5 мг өзгертілді. Бұл балқаштықтарға септігі мол оң нәтиже бермек.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login