Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстық мәслихаттың сессиясында Ерлан Қошановты Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме көрсете отыра.
Бұрынғы басшы Нұрмұхамбет Әбдібековтың орнына келген Ерлан Қошанов 2012 жылдың ақпанынан бері Премьер министр Кеңсесінің басшысы қызметін атқарған.
Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылы Жезқазған облысындағы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған.
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.
Институтты бітіргеннен кейін Жезқазған тау-кен – металлургиялық комбинаты кен байыту фабрикасының слесарі, мастері болып жұмыс істеді.
1988-1990 жж. – Қазақстан ЛКЖО Жезқазған обкомының жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемалары бөлімінің меңгерушісі.
1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төраға орынбасары.
1995 ж. — Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы.
1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
1999-2001 жж. – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.
2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.
2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.
2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі өкілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.
2012 жылғы 2 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.
«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login