Балқаштықтар кикбоксингтен өткен Республикалық чемпионаттан жүлдемен оралды

Қарағанды қаласында кикбоксингтен өткен Республикалық жарыста Балқаш қаласының намысын қорғаған екі бала жүлдемен оралды. №8 мектептің 9- сынып оқушысы Нұрлан Айбат ІІ орынды иеленсе, Балқаш гуманитарлық техникалық колледжінің І курс студенті Боранбайұлы Аян ІІІ орынды қанағат тұтты. Шахтерлер қаласындағы чемпионатқа 14-15 жас аралығында 300-ге тарта спортшы бақ сынасты. Оның алтауы қаламыздың намысын қорғап қайтты. Енді жүлдеге ие болған кикбоксшылар спорт шеберлігіне үміткерлердің қатарынан көріну үшін тер төгуі керек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture