Әуесқой балықшылар арасында жарыс өтті

Әуесқой балықшылар арасында дәстүрлі қыстық жарыс өтті. Үздік атанудан үміткер 10 командаға бөлінген зауыт қызметкерлері қолдарына қармақ алып ,көл бетінде үш сағат бойы сынға түсті.

Аязды күнге қарамастан балықшылар жарысты сағат таңғы 9.00-де бастады. Тапсырма бойынша қатысушылар бірінші кезеңде бұрғылаумен мұздың үстіне ойық жасап сынға түсті. Бұл сайыста Александр Ковтунға тең келер ешкім болмады. Инженер маман шұңқырды бір минуттың ішінде ойып шықты.

Александр Ковтун – сайысқа қатысушы
«Мен бұл жарысқа алдын-ала дайындалдым. Бұрғыны қайрап, ойық жасап шынықтым.Соның арқасында бірінші орын алдым.Бұл жарыс болғанымен, мен үшін бір жағынан демалыс».

Ал ойық жасалған соң қатысушылар қармақтарына нан секілді түрлі тағамдарын іліп, балық аулауға кірісті. Арада 5 минут өткен соң алғашқы балықты ұстағандар табылды. Александр Клементьевтің жолы болып, қанжығасы торта балықпен майланды.

Александр Клементьев – сайысқа қатысушы
«Мен қыста балық аулауда екі ай бұрын ғана бастадым. Достарым шақырып еді, қызығып кеттім. Ал бүгін жолым болып, балықты бірінші болып ұстадым .Әрине, қуаныштымын».

Жыл сайын дәстүрге айналған жарысқа 10 команда қатысты. Әр топта 3 балықшыдан. Олар үш сағат бойы балық аулап, бақтарын сынады.

Қайрат Сыздықбеков- төреші
«жыл сайын осындай жарыс өткізіп жатырмыз.Жарысты профсоюз өткізіп жатыр. Ұйымдасып таза ауаға келіп демалып бір-бірін көру үшін ұйымдастырдық.»

Жарыс соңында қармаққа ілінген әрбір топтағы балықтардың салмақтары өлшенді. Нәтижесінде күкірт- қышқыл цехінің қызметкерлері 930 грамм балықпен бірінші орын алды.

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture