Руы – Тастемір, Молдабеков Асылхан баласы, Руы – Ырсымбет, Егизеков Сарқытбек Қалибекұлының өмірден өткеніне 1 жыл болды.
Жанға жайлы мінезіңмен кең құшағыңды жайып жүрсең де, кең дүниеге сыймай, шын дүниеден тапқан мәңгілік мекенің жұмақ болсын. Сенің тірі бейнең болып артыңда қалған ұл-қызың тұрғанда сені өлді деуге қимаймыз. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болғай!
Жылдық асы 12 наурыз күні «АТИЛЛА» дәмханасында сағат 11.00-ден бастап беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, жолдастарына, көршілерге, барша танитын жамағтқа хабарлаймыз.
Асыл әке, сағындым бір өзіңді,
Мейірімді ақжарқын нұр жүзіңді.
Бауырыңа басым қойып еркелейтін,
Сағынам сенің жылы сөздеріңді,
«Қызым» деп мейірленген көздеріңді.
Оралмайсың қайтейін, жаным әке,
Қан жылатты бұл қайғы жүрегімді.
Өзің жайлы айта алмаймыз тауысып,
Ел айтады, жұрт айтады жарысып.
Көпшіліктен алған алғыс, сауабың,
Жатқан шығар, рухыңменен қауышып.
Бір жыл болды жүзіңді көрмегелі,
Алақанның жылуын сезбегелі.
Сенсіз өтті мереке, қызық күндер,
Есілді биыл сенсіз көктем лебі.
Алланың мініп пырағын,
Жұмақта болсын тұрағың.
Нұрланып тұрсын шырағың,
Пейіште болсын жұмағың!
Еңіреп қалды ағайын-туыс, бауырларың,
Жылап қалды жан-жарың, балаларың.
Не шара жансыз бейне қалдық құшып,
Амалсыздан сағыныш жырын жазып.
Хабарлаушылар: жұбайы – Күлімхан, балалары: Серікжан, Сәуле, немересі – Әлихан, апа-жезделері: Оркен, Сақан-Кәрібек, Үміт-Аман, бауырлары: Сейілхан-Айбақыт, Әбілхан-Гүлмира, Нұрлан-Айман, Баян.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login