Мектепке дейінгі даярлық тобы «Әліппе» оқитын болады

2019 жылдан бастап Сауат ашу бағдарламасы екіге бөлінеді. 1-сыныптар үшін енді сауат ашу оқулығы «Ана тілі» болып атауы өзгертілсе, мектепке дейінгі даярлық тобы «Әліппе» оқитын болады. ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Baq.kz.
Сондай-ақ, министр оқулықтардың мазмұнын тексеру жұмысымен айналысатын комиссия құрамына депутаттардың да кiретiнiн айтты. Бұған дейін, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан 105 жылдық Әліппені неге алып тастады, неден жазықты болды деп, Білім және ғылым министріне сауал жолдаған болатын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture