Шұбартау ауылының тумасы, руы Тобықты – Жуантаяқ, сүйікті жар, аяулы әке, баға жетпес бауыр, Әділханов Ерленнің өмірден озғанына 11 жыл өтті. Тірі болғанда 50 жасқа толар еді.
Әулетіміздің жанашыры, тірегі, үлкенге аға, кішіге іні, достарына адал, жүрегі таза, кімге болса да көмекке дайын тұратын ақкөңіл бауырымызды сағына еске аламыз.
Тәңірдің күтпеп едік мұндай сыйын,
Абайсызда қатты соқты дүлей құйын.
Наурыздың 10-ы күні туған күнің,
Сағынып еске аламыз сені бүгін.
Қызығын бала-шағаның,
Көруге Аллам жазбады.
Қанша айналып жыл өтсе,
Орның, Ерленім, толмады.
Отбасымның бір мүшесі, жүрегімнің төрінен ерекше орын алған, ренішімде де, қуанышымда да әр уақытта қасымнан табылатын адал жүрек, жан бауырым, мұңдасым да, сырласым да болған Ерленіме:
Зарығып жүрмін, тарығып жүрмін, тарылып,
Жүруші едің әркез қасымнан менің табылып.
Өзегімді өртеп кеткен, жүрегімді тіліп өткен, жан бауыр, Алдың пейіш, артың кеніш, Аллаһ саған иман байлығын берсін деп тілеймін, қайран менің, Ерленім! Жатқан жерің жайлы болсын!
Сағына еске алушы: апасы – Күміс, Еркін.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login