Кәуап дайындайтын дүңгіршек жанып кетті

Бүгін көліктерге техникалық жұмыстар жасайтын орталықта өрт болды. Оның маңында орналасқан кәуап жасайтын дүңгіршек түгі қалмай жанып кетті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.  Таңғы сағат 6-да қызыл жалынның шарпығанын күзетші көріп, өрт сөндірушілерге хабар берген. Содан оқиға орнына жеткен мамандар іші ағашпен қапталған дүңгіршектегі өртті санаулы минутта ауыздықтады. Ал тілсіз жаудың шығуыныа себеп  — қысқа тоқтың тұйықталуы.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Өрт болған уақытта дүңгіршек жабық тұрған. Ішінде ешкім болмады. 2 көліктің жұмылдырылуымен қызыл жалын 10 минуттың ішінде сөндірілді. Өрттің аумағы 6 шаршы метрді құрады».  

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture