Сібір жарасын жұқтырған жануарлар көмілген жерлер қоршауға алынуда

Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған жануарлар көмілген жерлерді қоршау қолға алынды. Сондай-ақ арнайы белгілер орнатылуда. 

Жалпы өңірде ауру мал көмілген 135 ошақ тіркеуде. 2016 жылы соның 57-сінен сынама алынып, 28-і мемлекеттік жер кадастарының базасына енгізіліпті. 22-не мемлекеттік актілерді рәсімдеу биылға жоспарланып отыр. Қалған 78 ошақтан сынама осы жылы алынады. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін 480 млн теңге қажет екен.  Қаржы облыстық бюджеттен бөлінбек. Ал, зертханалық зерттеулермен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі жанындағы сараптама орталығы айналысады. Сонымен бірге қазір  сібір жарасымен ауырған жануарлар көмілген жерге тану белгілері орнатылуда. Және мал жайылмас үшін ондай аймақтар қоршауға алынады. Балқашқа келсек, бізде  сібір жарасы ошағы тіркелмеген. Деседе, биыл жаңа санитарлық талаптарға сай келетін  мал қорымы пайда болады. Оған жергілікті қазынадан 9 млн-ға жуық қаржы бөлінген.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture