Балқаш жаңалықтары 6 наурыз 2017

Есірткімен есіріп, нәпақа таппақ болған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Аса ірі көлемдегі героинмен ұсталған қылмыскер 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қарағанды облысы бойынша ұрлық фактілері көбейгенімен, Балқаш қаласында керісінше азайған. Өткен жылы Ішкі істер бөліміне ұрлыққа қатысты 35 арыз түссе, биыл 26 құжат сотқа жолданған.

Үй кезегінде тұрған балқаштықтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен тегін шот ашу ұсынылады. Мемлекеттен баспана күтіп отырғандар комиссиялық жинақтан да босатылады. Айта кетейік, егер шотта 4 миллион теңге болса, онда оған салынатын комиссия көлемі 20 мың теңге.

Балықтарға кислород қажет. Өйткені биыл өңірге қар молынан жауып, мұздың қалыңдығы бір метрге дейін жетті. Бұл өз кезегінде балықтардың тіршілік етуіне кесірін тигізуі мүмкін. Сондықтан, осыны ескерген табиғатты қорғау жөніндегі инспекторлар көлге шығып ойықтар жасауға кірісті.

Халықаралық сайыста жерлестеріміз жеңіске жетті. Челябинкс қаласында өткен «Орал достарды жинайды» атты байқауда қалалық өнер мектебінің екі шәкірті жүлдемен оралды. Скрипка аспабын жетік меңгерген Әнел Малыбаева мен Дәмиля Амангелді елдің түпкірінен жиналған 60 қатысушының арасынан 2 және 3 орын алды.

Балқаштықтар халықаралық әйелдер мерекесін тойлауға дайындалуда. Әсіресе, гүл дүкендеріне сауда қызып тұр. Онда кез-келген әйел қалауын табуға болады. Ал, қалай дұрыс таңдау жасау қажет, сыйға алған гүлдер ұзақ сақталу үшін не істеу керек?

Мерген бұқаралық ақпарат құрал өкілдері анықталды. Демалыс күні төртінші билік пен кітапханашылар дартс ойынынан сынға түсті. Сайыс Балқаш қаласының және «Северное Прибалхашье» газетінің 80 жылдығына арналған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture