Балықтарға оттегі қажет

Балықтарға кислород жетіспейді. Өйткені биыл өңірге қар молынан жауып, мұздың қалыңдығы бір метрге дейін жетті. Ал, салдарынан балықтарға ауа жетпей, қырылып қалу қауіпі бар. Сондықтан, осыны ескерген табиғатты қорғау инспекторлары суды оттегімен байыту мақсатында көл бетінде арнайы әдісті жасауға кірісті. Ал оны алдын алу -мұзды ойып, суға қамыс тығу.

Денис Абибеков – Жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік аға инспектор
«Ойықтарды осындай көл беттерінде, қалың мұзда жасау керек.Ағынды суы бар жерлерге мұндай ойықтарды жасаудың қажеті жоқ. Ондай жерлерде қозғалыс болғандықтан оттегі болады».

Ерекше қасиетке ие өсімдікті мұзға орнатқан жағдайда-мұздың қалыңдығынан қорықпауға болады. Қамыс арқылы балықтар бір апта бойы оттегімен емін-еркін қоректенуге мүмкіндіктері бар.

Төлеужан Дүкенбаев–Жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор
«Балықтардың өмірін сақтап қалу үшін қамыс таптырмас өсімдік. Сазандар үшін өте тиімді. Біз осындай қамысты Тасарал, Саршыған, Приозерск, Ақжайдақ кенттерінде орнатамыз. Бүгінгі күні 60 ойық жасалды».

Ал синоптиктердің мәліметінше, көлдегі мұз тек сәуір айында ғана еритін болады. Және сол уақытта уылдырық шашу жұмысы басталмақ.

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture