Алматы-Екатеринбург тас жолында жол апаты болды. Приозерск қаласынан Балқашқа бағыт алған жеңіл көлік, тайғақтың салдарынан жол шетіне аударылып кеткен.
Техснаб кентінде өрт оқиғасы тіркелді. Бұл жолы жылыжай отқа оранды.
Балқашта азық-түліктің бағасы қымбаттады. Жаңа жылдан бастап 250 теңге болған күріш 255 ке көтерілсе, 235 теңгеге сатылған вермишель 5 теңгеге жоғарылаған.
8 наурызда көп балалы аналар 5 мың теңге сыйақы алады. Бұл тізімге қала бойынша 1054 әйел іліккен. Олар алтын алқа және күміс алқа иегерлері.
Балқашта неонтолог, акушер-гинеколог, инфекционист және терапевтер жетіспейді. Өткен жылы емханалар мен ауруханаға жаңадан 23 дәрігер келген.
Жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлерге тиімді ұсыныс жасап отыр. Жұмыс берушілер екі қолға бір күрек іздеушілерді еңбекпен қамтыйтын болса, онда жалақысының 35 пайызын мемлекет төлеуге әзір.
28 жастағы екі баланың анасы рахымшылыққа ілікті! Айлакерлікпен айналысқан келіншектің жазасы 5 жылдан 2 жыл 6 айға дейін қысқарытылды.
1 наурыздан бастап мектеп тыныштығына арнайы күзетшілер жауапты. Мамандар кіре берісте отыратын вахташылардың орнын ауыстырды.
2006 жылғы 1000 теңгелік айналымнан алынды. Дүкендер мен сауда орындары оларды қабылдаудан бас тартып жатса, таң қалмаңыз.
Мүмкіндігі шектелуі әйелдер мен мүгедек баланы тәрбиелеп отырған аналарға сұлулық салондары тегін қызмет көрсетті. Мұндай қайырымдылық акциясына 7 мекеме қатысуға келісімін берген.
Ел кезгенге не жетсін… Балқашқа автостоп арқылы ел аралап жүрген Ресейлік жиһангез келді. 25 жастағы Сергей Попов Қытайға одан әрі Үндістанға бармақ. Айтуынша, ол -Оңтүстік Азияда қалып, сонда тұрмақ.
Қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады. Оның 6 күні мерекелік демалыс. Осы айда бір емес екі мейрамды тойлаймыз. Бірі халықаралық әйелдер күні. Екіншісі ұлттық мереке-Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login