Есірткімен есіріп, нәпақа таппақ болған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Аса ірі көлемдегі гашишпен ұсталған қылмыскер 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
37 жастағы сотталушы сотта өз кәнісін мойындағанымен, қолға түсіру қиынға соқты. Тәртіп сақшылары ұзақ уақыт бойы оның ізіне түсіп, арнайы операциямен құрықтады. Жоспар бойынша беймәлім азамат саудагерге хабарласып, есірткі сатып алмақ болады. Сөйтіп кездесу барысында сотталушы клиентіне 5 грамм гашиш есірткісін беріп жатқан жерінде ұсталды.Оған қоса, қылмыскердің үйінен 1 граммнан астам героин тәркіленді. Ал заң бойынша — бұл аса ірі көлем болып табылады. Осылайша, саудагер есірткіні сатып және сақтағаны үшін 6 жылға темір торға тоғытылды.
Динара Нұркеева – Қалалық прокуратураның прокуроры
«Балқаш қаласының азаматы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтағаны үшін және ірі мөлшерде сатқандығы үшін Балқаш қаласының сотымен 6 жыл бас бостандығынан айырылды.Жалпы бұл санкция бойынша 6 жылдан 12 жылға дейін көрсетілген.Соттың таңдағаны себебі ол алдын-ала тергеу барысында өзінің кінәсін мойындады.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login