Демалыс күні қала журналистері қалам мен қағазын тастап, мергендіктерін сынады. С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапханада төртінші билік өкілдері мен кітапхана ұжымы бас қосып, дартстан жарысқа түсті. Шара Балқаш қаласының 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Нысанаға дөп тигізуде жарыс иелері — «Северное Прибалхашье» газетінің қаламгерлері жарады. Қуанбаев Сағынған мен газет редакторы Береке Шалова бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынды «Өркен-Мedia» телеарнасының операторы Асхат Тоқбаев пен кітапханашы Өмірзақ Айгүл иеленсе, қола жүлде біздің арнаның журналисі Гүлшат Байтөкешоваға бұйырды. Ендігі жарыс БАҚ өкілдерінің төл мерекесінде жалғасын таппақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login