Үй кезегінде тұрғандарға «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкі жеңілдік жасап отыр

Үй кезегінде тұрған балқаштықтарға Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінен тегін шот ашу ұсынылды. Мемлекеттен баспана күтіп отырғандар комиссиялық жинақтан да босатылады. Айта кетейік, егер шотта 4 миллион теңге болса, онда оған салынатын комиссия көлемі 20 мың теңге. Әкімдік арқылы үй кезегіне ілінгендер «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкінен тегін депозит ашу арқылы, мемлекеттік қолжетімді баспана бағдарламасына қатыса алады. Және үй құнының жартысын жинаса болғаны, бірден пәтерге қол жеткізеді. Ал, қалған соманы төлеу үшін 6 жылға несие рәсімдеу керек. Пайыздық мөлшерлемесі өте төмен. Жылына 5 пайыз. Қазір қала бойынша 1000 нан астам салымшы банктен шот ашып, пәтеріне ақша жинауда. Соның 60-ы биыл баспаналы болмақ. Осы жылы 10 мөлтек ауданында жаңадан тұрғызылған үй пайдалануға беріледі.

CНХ:Айбек Алтынбеков – «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкі АҚ Балқаш қаласындағы маманы
«Мемлекеттік қатысушыларға қойылатын бірнеше талаптар бар. Біріншісі салымшыда соңғы 5 жылда өз атына жазылған үйі болмауы тиіс. Және Алматы, немесе Қарағандыдан пәтер алғысы келсе, сол қалада тіркеуде тұруы қажет».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture