100 мәселе, 100 шешім, 100 күн. Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласына қатысты түйткілді мәселелерді анықтау үшін халық арасында жүргізген сауалнаманы қорытындылады. Нәтижесінде әлеуметтік науқанға белсене ат салысқан тұрғындар 20 күннің ішінде 2 мыңнан астам ұсыныс білдіріп, еліміздегі медициналық қызметті жақсарту үшін не қажет екендігін жеткізді. Басым көпшілігі халық арасында медициналық қызмет көрсету туралы ақпарат аз деп шағым айтса, бірі анықтама құжатты электронды жүйеге көшірсе екен дейді. Ал тұрғындардан келіп түскен бұл өтініштерді мамандар үш кезеңге бөлу арқылы шешпек. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің жалақысын көбейетінін хабарлады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login