Техснаб кентінде өрт оқиғасы тіркелді. Бұл жолы жылыжай отқа оранды. Тілсіз жау бүгін таңертең сағат 6.00 басталған. Оны көрген үй иелері бірден өрт сөндірушілерге хабар беріпті.
1 наурыздан бастап 2006-шы жылғы 1000 теңгелік ақша айналымнан алынады. Дүкендер мен сауда орындары оларды қабылдаудан бас тартып жатса таң қалмаңыз.
1 наурыздан бастап мектеп тыныштығына арнайы күзетшілер жауапты. Мамандар кіре берісте отыратын вахташылардың орнын ауыстырды.
Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған форум өтті. Салтанатты шараға Балқаштағы түрлі этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысып, Қазақстан жұртшылығына алғыстарын білдірді.
Қайырымдылықты насихаттайтын «Рахмет» дүкеніне бүгін 1 жыл. 12 айдың ішінде балқаштықтардың алғысына бөлене білген сауда нүктесі осы уақытқа дейін тұрмыстық жағдайы төмен, киім-кешекке мұқтаж жандарға қол ұштарын созды.Адамның бір ауыз сөзі үшін көмек көрсетілетін дүкенде жалғыз басты зейнеткер керек-жарағымен қатар, бір қоржын азық-түлік, тәтті сый-сияпатқа ие болды.Және дәл осындай сыйлықтар тұрмыстық жағдайы төмен, аз қамтылған 40 отбасыға үлестірілді. Оған қоса, 10 тұрғынға шаштараз қызметі ақысыз көрсетіліп, 50 адам киноға тегін жолдама алды.
Ақысыз қызмет! Бүгін мүмкіндігі шектелуі әйелдер мен мүгедек баланы тәрбиелеп отырған аналарға сұлулық салондары тегін қызмет көрсетті. Мұндай қайырымдылық акциясына 7 мекеме қатысуға келісімін берген. Олар нәзік жандылардың тырнағын әрлеп, шашын қысқартып, қалаған түске бояп берді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login