Техснаб кентінде тілсіз жау оқиғалары көш бастап тұр! Бүгін таңертең мұнда тағыда өрт оқиғасы тіркелді. Бұл жолы абырой болғанда үй емес, жылыжай жанып кетті. Тілсіз жау бүгін таңертең сағат 6.00 басталған.
Оны көрген үй иелері бірден өрт сөндірушілерге хабар берген. Және оқиға орнына жеткен мамандар 20 шаршы метр жерді жалмаған жалынды жарты сағаттың ішінде ауыздықтап үлгерді. Әйтеуір ешкім зардап шекпеді. Ал күлі көкке ұшқан ғимараттың өртенуіне- пештен шыққан түтін себеп болған. Яғни, тұрғындар өрт қауіпсіздік ережесін сақтамай, пештерін тексерместен жаққан. Мұндай жағдайда үй иелері әкімшілік жауапқа тартылып, 11 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болады.
Олег Грабовский, ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы: «Жыл басынан бері Техснаб кентінде осымен 5-ші өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Онда бір көлік, 4 үй өртке оранды. Оған көп жағдайда пешті дұрыс қолданбауы себеп. Өйткені, тұрғындар пешті жағар алдында оның дұрыс жұмыс істеуіне көңіл аудармайды, мұржасынан шығатын түтінге мән бермейді»


Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login