33 жастағы Лейла Гулиева бүгін алғаш рет сұлулық салонына келіп отыр. Курьер болып жұмыс істейтін әйел бала кезінен мүгедек. Осы уақытқа дейін мұндай орындарға келуге бата алмаған. Енді міне арнайы шақырту алыпты.
Лейла Гулиева, Балқаш тұрғыны:»Әкімдіктен хабарласып маған осындай ұсыныс жасағанда қатты қуандым. Сұлулы салонына бару менің арманым болатын. Бүгін мұндағы шеберлер маған естен кетпес сый жасады»
Лейланың жаңа образына 4 сағат уақыт кетті. Оған өз ісінің шеберлері маникюр жасап, шашын қысқартып қалаған түсіне бояп берді. Мұның барлығы 8 мың теңге тұрады. Алайда, бүгін Лейла үшін бәрі тегін.
Виктория Клюх құлақ мүкістігі бар қонағының қалауын білу үшін онымен хат арқылы сөйлесуде. Бүгін олар химия жасайтын болып келісті. Ал, шашты бұйралаудың мұндай әдісі көп уақытты алады. Бағасы да арзан емес. Деседе, бүгін салон қызметкерлері нәзік жандылардың кез-келген еркелігін көтеруге әзір.
Виктория Клюх, әмбебап шебер: «Негізі біз қысқа шаштарға химия жасау 3 мың теңгеден басталады. Әрі көп уақыт кетеді. Бірақ, бүгін біз әйелдерге сый жасаудамыз. Ең бастысы оларға ұнаса болғаны»
Бұл күні сұлулық салондары ұсынған тегін қызметті 12 әйел пайдаланды. Олар мүгедек баланы тәрбилеп отырған аналар мен мүмкіндігі шетеулі әйелдер. Алғыс айту күнінде салон иелері бар шығынды өздері көтерді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login