Еске алу Ибраев Дәуренбек

Руы Әлтеке – Дос – Мырзағұл, Қырғызбай ұрпағы Ибраев Дәуренбек Санақұлы бұл фәниде тірі болғанда бүгін 40 жасқа толар еді…

Қимас бауырымызды бүгін сағына еске ала отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз:

Ақкөңіл-ең әркезде жарқылдаған,
Туысқа да, досқа да аңқылдаған.
Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,
Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.

Атыңды ардақтаймыз, қадірлейміз,
Өзіңнен артық жанды біз білмейміз.
Отыңды өшірмейтін өзіңе лайық,
Артыңда ұрпағың барын білсең дейміз.

Еске алумен бүгін сені аңсадық,
Өткен күнді жабырқаумен сағындық.
Сағынамыз, не шара бар бұл тағдырға,
Кеттің енді келмейсің сен біздің ортаға.

Жарқын жүз, жібек мінез, жайдарлы едің,
Таныған жұрт, бар адамға қадірлі едің.
Жанымызға жазылмас жара салып,
Өмірден кетіп қалдың әттегенмен.

Жанға жайлы мінезіңмен кең құшағыңды жайып жүрсең де, кең дүниеге сыймай, шын дүниеден тапқан мәңгілік мекенің жұмақ болсын. Сенің тірі бейнең болып артыңда қалған ұл-қызың тұрғанда сені өлді деуге қимаймыз. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болғай!

Еске алушылар: анасы – Амантай, жұбайы – Саяна, балалары, бауырлары, жеңгелері, жезделері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture