Қазақ даласына мың алғыс! Бүгін Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған форум өтті. Салтанатты шараға Балқаштағы түрлі этно мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, Қазақстан жұртшылығына алғыстарын білдірді. Биыл екінші рет ұйымдастырылған шара театрландырылған көрініспен басталды. Сахна төрінде әртістер репрессия жылдарында Ақмола облысында арнайы әйелдер үшін ашылған лагерлердің бірінде тұтқында болған сәттерді ұсынып, қазақтардың арқасында өзге ұлт өкілдерінің аман қалғандығын елдің көз алдына келтірді. Өйткені, сол кездері қазақтар қатігез бақылаушыларға білдірмей, ұлты, діні басқа болсада тұтқында отырған әйелдерге қол ұштарын созды. Отандастарымыз нан, құрт секілді тағамдарды қамыстардың арасына, әртүрлі жерлерге жасырып тастап кетіп отырған. Соның арқасында олар ашаршылықтан аман қалды.
Тұрымтай Молдахметова- қала тұрғыны
«Бүкіл қазақстанымыздың ортақ күні. Жан-жақтан келген бүкіл халқымызды қарсы алған күніміз болып есептеледі бұл күн.Сол келген халықтармен бірлік жасадық.Сол халықтарымыз аман болсын. Бірлік болсын.»
Қиын-қыстау заманда Қазақстан еліне бірнеше ұлт өкілдерінің жер аударылғаны белгілі. 20 ғасырдың басында елімізге Ресей, Украина және Беларусия секілді Кеңес Үкіметінің түкпір -түкпірінен миллиондаған адам мәжбүрлеп көшірілген. Ал қазіргі күні елімізде 140-тан астам түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүруде.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login