Саяхатшы Сергей Попов Балқашқа келді

Ел кезгенге  не жетсін… Балқашқа  автостоп арқылы ел аралап жүрген Ресейлік    жиһанкез келді.  25 жастағы  Сергей Попов Қытайға одан әрі Үндістанға  бармақ. Айтуынша, ол Оңтүстік  Азияда қалып, сонда тұрмақ. Ол әлемнің 7  мемлекетін жаяу  аралап өткен.

Ресейлік  азамат Сергей  Попов саяхаттап жүргеннің  өзіндік  ерекшелігі бар дейді. Жасы  бар  болғаны  25-те болса да, жас жігіттің  аралап  шыққан елді-мекендері жетерлік. Өйткені  Сергей саяхат барысында    табиғаттың  сұлу кейпін суретке  түсіріп қана қоймай, адамдармен  танысып, білгеніңді басқаларға  жеткізесің дейді. Сондай суреттердің бірін, қытайдағы естелігін  бізге де қалдырып кетті.

Көрші елдің  Воткинск   қаласынан  шыққан азамат екі жылдың ішінде түрлі  елдің мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысып, тілдерін үйренді. Оған  мынандай  қосымша қағаздармен, іс қимыл- ишараттар  көмегін тигізген көрінеді.

Сергей Попов – саяхатшы, «Біз  саяхаттардың  бірінде Тибеттік отбасылармен  кездестік.Олар мен білетін ешқандай тілде сөйлеспеді. Қиын болды.Бірақ та  екі күннің  ішінде  бір- бірімізді  іс -қимыл арқылы түсініп, үйреніп кеттік. Қызықты  болды. Олар шетелдік адамды бірінші рет көріп таң қалды.

Ал күндіз- түні автостоппен ел  аралап жүрген  Сергейдің ендігі   аялдамасы — Алматы. Және одан  кейін Оңтүстік Астана  арқылы  жиһанкез  Қытай, Вьетнам және Үндістанға  жол тартатын болады.

Сергей Попов – саяхатшы, «Менің  жоспарым бойынша бір аптадан кейін Қытай елінде  болам.Ал үйге қайтпаймын. Сол жақта қалғым келеді.Мен әртүрлі елдердің тілдерін, дәстүрлерін білгім келеді. Әсіресе мені монахтар қызықтырады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture